ОҚУШЫЛАРҒА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ТЫҢ МӘЛІМЕТТЕР АЙТЫЛДЫ

Қазақстанда лудоманияға душар болып жатқан азаматтарымыздың саны 400 мыңнан асады. Өзекті мәселені шешу жолдары түрлі деңгейлерде талқыланды. Нәтижесінде арнайы заң қабылданды. Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға бас тігуге қатыса алмайды делінген. Сонымен қатар, шектеуді сақтамағандары үшін жұмыстан шығару шарасы қарастырылған. Бұған қоса, букмекерлік кеңселер мен бәс тігуге қызықтыратын жарнамаларға да шектеу қойылды. Осы және өзге де талаптар қазіргі уақытта кеңінен түсіндіріліп жатыр.

Мәселен, жуырда Түркістан облысы Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты «№82 Б.Наметов атындағы негізгі орта мектеп» КММ-де 2024 жылдың 23 қазан күні лудоманияның алдын-алу мақсатында 8-9 сынып оқушылар арасында құмар ойынға тәуелділіктің қаупі мен салдары туралы білімдерін кеңейту мақсатында «Құмар ойын-қоғам дерті» тақырыбында түсіндіру және алдын-алу жұмысы жүргізілді. Жиында тақырып турасында кеңінен ақпарат беретін арнайы бейнеролик көрсетілді. Педагогтердің сөзінше, «Лудоманияны» сөзбе-сөз аударғанда «ақылсыздыққа дейін ойнау» деген мағына береді.
Ақпараттандыру барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Абдикадиров тәуелділік туралы мағлұмат беріп, ойынқұмарлық адам өмірін бұзып, психикалық және физикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін айтты. Жастардың әлеуметтік желілердегі кеңінен таралып отырған азарттық, оңай олжалы ойындардың жарнамаларына қарсы профилактикалық хабарландыру мен түсіндіру жұмыстары оқушылар арасында кеңінен жүргізілді.
Бүгінде көптеген отбасылардың әлеуметтік құлдырауы, ажырасуы, қылмыстар мен суицидке бару себептері құмар ойындардан болуда, осы орайда барлық мектептерде лудоманияның алдын-алу профилактикалық жұмыстары кеңінен атқарылды. Ата-аналармен дәрістер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдердің көңілін аударатын, психологиялық жағдайларын жақсартатын іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілді, осы орайда мектептерде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында тегін үйірмелер ұйымдастырылған. Жалпы мектептерде лудоманияның қоғам дерті екенін, олардың зардаптары туралы әр оқушы мен ата-ананың санасына жетік жеткізу үшін тәрбие сағаттарында видеорликтер көрсетіліп, әлеуметтік желілерге ақпараттық тақта жарияланып, осы бағытта тынымсыз жұмыстар атқарылып келеді.