САЛА ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстанда төрт жүз мыңдай азамат азарт ойындарының соңында жүр. Оның жартысына жуығы жастар. Суицидтің 20 пайызы құмар ойынына, ажырасулардың 40 пайызы лудоманияға байланысты болып жатыр. Ойынқұмарлық жас таңдап жатқан жоқ. Сондықтан елімізде бұл мәселемен кешенді түрде күресу шаралары қолға алынды.

Қалың оқырманның жадында болса, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Осы орайда, еліміздің барлық аймағында заң талаптарын тарқата түсіндіру шаралары жүргізіліп келе жатыр. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында лудомания және дінге мәжбүрлемеу тақырыбында облыстық, аудандық және қалалық инспекция қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Спикердің сөзінше, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарын ойнаудан аулақ болу және ойын мекемелеріне барудан тартыну Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен бекітілген. Құмар ойындардың салдары мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық қылмыстарға итермелейді. Жиын барысында лудоманияның салдары қылмыстан бөлек суицидке дейін жеткізетіні туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға офицері Г.Н.Қарсыбай баяндап өтті. Ал Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы-теолог Ж.М.Жорабек дінге мәжбүрлемеу, кереағар діни ағымдарға ілесу фактілерін болдырмау мақсатында облыстық және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының мемлекеттік қызметкерлеріне баяндама жасады.