АРБАТ АЛАҢЫНДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАРДЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Қазіргі таңда экономиканың басым бағыттарының біріне айналып отырған креативті индустрия – қаржының ерекше саласы. Ол біраз елдерде мемлекеттік қолдауға ие болып, нарықта ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі 3 пайызды, ал кейбір дамыған елдерде 10-12 пайызды құрайды. Сондықтан да елімізде аталған саланы дамыту бойынша қыруар іс атқарылып жатыр.

Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткен еді. Кейінгі жылдары елімізде бұл салаға ерекше көңіл бөлініп келеді. Республика бойынша халық ең көп шоғырланған Шымкент қаласында бұл бағытты дамыту ерекше жолға қойылған. Шымкент Креативті индустрия ассоциациясы 2022 жылдан бері жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасап, оларға бағыт-бағдар беріп келеді. Соның айғағы Арбат алаңында Шымкент қаласының креативті индустриясы кәсіпкерлері қатысқан жәрмеңкеде дәлел болды.
Жәрмеңкеде кәсіпкерлер өз өнімдерін халыққа ұсынып, ұлттық нақышта дайындалған бұйымдардан көрме ұйымдастырды. Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустриясы мен Шымкент қаласының Креативті индустрия ассоциациясымен бірге ұйымдастырылған жәрмеңкеге қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер, суретшілер және өзге де шеберлер қатысты. Аталған іс-шара алдағы уақытта аптаның әр сенбі күні тұрақты түрде өткізіледі.