ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, бұл қызмет түрі қоғамға өте қажет. Өйткені адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі болуы тиіс. Бұл дегеніміз, азаматтардың әртүрлі жағдайлармен қателікке жол беріп, қылмыстық жауапкершілікке тарталғаннан кейін адам психологиялық дағдарыстарға ұшырайды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты — білім алуға, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Яғни олар тұрақты жұмыспен қамтылуы, дер кезінде психологиялық көмек алуы тиіс. Егер бақылау дұрыс жүргізілмесе, қылмыскерлер еркіндікте жаңа қылмыс жасауы мүмкін. Сондықтан ай сайын тиісті жұмыстар атқарылып, бақылау күшейтілуі қажет. Осы мақсатта, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен пробация есебіндегі азаматтарға жеке психологиялық қабылдау өткізілді.
Психологиялық кеңесте бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту бағытында 8 азаматқа жеке-жеке сұхбат жүргізілді.