ИНТЕРНЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАР ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР?

Шымкент қаласы аумағында 5G базалық станция іске қосылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен пресс-турда Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов айтты.

Шымкентте интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық беріліп жатыр. Бүгінде елді мекендерге «Кcell» АҚ мен бірлесе 5G технологиясымен 126 базалық станциясы орнатылды. Қазір қала аумағында 5G базалық станциясының монтаждау жұмыстары жүріп жатыр Бұл жұмыстар желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталып, базалық станция іске қосылады.
Қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы драма театрының шатырында орналасқан станцияның жұмысы толығымен аяқталды. Осы аумақтың тұрғындары 5G технологиясының артықшылықтарын арнайы смартфондар арқылы тегін қолдануға болады. Қалалық цифрландыру басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстардың барысын жіті тексеріп, жыл соңына дейін қойылған жоспардың орындалуын басты назарда ұстайды.
Айта кету керек, үшінші мегаполисте білім беру мекемелерін сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында, жоспарға сәйкес мемлекеттік ашық конкурстары өткізілді. Бүгінде конурс жеңімпазы анықталып, қала аумағындағы 147 мектепті 150 мбит/сек төмен емес жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 2023 жылы, 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жоспарға енгізілді. Қазіргі уақытта елді мекендер тізімі бекітіліп, жыл басынан бері 16 елді мекенде тиісті жұмыстар атқарылған. Олар — Қайнарбұлақ саяжай аумағы, Нұршуақ, Бозарық жаяжау аумағы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Ынтымақ-1 және Ынтымақ-2, Оңтүстік шағынауданы, Самал-1, Кіші Самал, 112-Орам, Карл-Маркс, Тассай бөлімшесі, Тараз, Шапағат, Асар-2 және Мирас елді мекендері. Қалған 4 елді мекенге оптика желісін жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтарды сатып алу және монтаждау жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылып, 316 мыңға жуық қала тұрғындарына жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалады.