ИГІЛІГІ МОЛ ЖОБАНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

«Жасыл ел» — Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға, жастардың Отанға деген патриотизмін және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауға насихаттауға, экологиялық жобаларды іске асыра отырып, халықтың барлық топтарының өкілдері үшін бос уақытты қызықты етіп ұйымдастыруға бағытталған ұйым.

Осы орайда, жуырда Шымкенттегі Көрме орталығында қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауы және «Алтын Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымының жабылу салтанаты өтті. Аталған жиында шаһарды тазалауға атсалысып, айналаны абаттандыруға үлес қосқан жастар марапатталды. Көгалдандыру мен абаттандыру арқылы экологиялық сауатты арттыруға үлес қосатын «Жасыл ел» жобасына биыл 1500-ден астам жас қатысты.
«Жасыл қала», «Эко-керуен», «Қамқор», «Салауатты ұрпақ», «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өз сөзінде былай деді «Қала жастарын еңбекке баулу арқылы туған жерді қадірлеп, қастерлеуге үйретеміз. «Жасыл ел» бағдарламасы өмір сүріп жатқан ортамыздың тазалығы ғана емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Қаламыздың көрікті болуына тікелей үлестерін қосып жатқан жастардың еңбегі орасаң зор. Мұндай еңбек өзінің нәтижесін бермей қоймайды. Сіздер тұрғанда біздің болашағымыз жарқын, тынысымыз кең болады. Алдыңғы аға-буынның міндеті — сіздерді сол іске ынталандыру, жағдай жасау, қолдау көрсету».
«Жасыл ел» жобасы аясында биыл жұмыс тобы қалаға қарасты аудандар аумағында күніне 4 сағаттан жұмыс істеді. Саябақтарды тазалады. Ардагерлер үйіне барып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. «Абай» саябағында 5 мың түп шырша екті. Сонымен қатар шаһар аумағына барлығы 14 мыңнан астам көшет отырғызылды. Осы орайда, жуырда Шымкенттегі Көрме орталығында қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауы және «Алтын Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымының жабылу салтанаты өтті. Аталған жиында шаһарды тазалауға атсалысып, айналаны абаттандыруға үлес қосқан жастар марапатталды. Көгалдандыру мен абаттандыру арқылы экологиялық сауатты арттыруға үлес қосатын «Жасыл ел» жобасына биыл 1500-ден астам жас қатысты.