ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНАТЫНДАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙДІ

Бүгінде табиғат қойнауын заңсыз пайдаланатындармен күрес күшейген. Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктер құзырлы органдармен бірігіп, зерделеу жұмыстарын жиі жүргізуді әдетке айналдырған. Талапқа томпақ келетін әрекетке барғандар заң алдында жауап беріп жатыр. Бүгінгі материалымызда осындай шаралар турасында тарқата баяндамақпыз.

2023 жылдың 4 қараша күні Қарзығұрт ауданы әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ құрамының ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция учаскелік инспекторларымен бірлесе аудан аумағында заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалану деректерін анықтау және болдырмау үшін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларымен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» алгоритміне сәйкес, Қызылқия, Қазығұрт, Сарапхана, Қарабау ауылы округтеріне рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде барлық ауыр жүк тасымалдайтын көлік иелеріне заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау үшін және талапқа томпақ келетін деректер анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабына сәйкес, айыппұл салынатындығын және тиісті қылмыстық жауапкершілік іс-шаралар қабылданатынын жөнінде ескертілді. Бүгінгі таңда барлық ауыл округтерде құрылған мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша облыс әкімдігімен бекітілген алгоритм ұсынылып, тиісті жұмыстар күнделікті қадағалануда.