ҚОҒАМДАҒЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ

оның ішінде
әлеуметтік қызметкерлердің рөлі

Медицина – көнеден келе жатқан ғылымның саласы. «Медицина» деген терминді естігеннен ақ халатты жандар елестейді. Ақ шапанның түсінің өзі кіршіксіз тазалықты, ақ ниетті білдіреді. Қоғамда жетекші саланың бірі болған медицинаның және ондағы қызметкерлердің қоғамдағы мәртебесі биік болуы шарт деп ойлаймын.

Мәртебенің жоғары болуына әрбір медицина қызметкерінің жұмысына деген жауапкершілігі, адалдығымен кәсібіне деген махабаты үлесін қоспақ. Медицина қателікті кешірмейді. Жұмыс барысында медициналық қызметкерлері ешқашан қателесуге болмайды. Сондықтан да ұдайы тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде жүргені абзал. Қоғамдағы мәртебесі де осыған байланысты. Ауырған адам медицина қызметкеріне өмірімнің сақшысы деп жүгінеді. Медициналық қызметкерге жүгінген жанға жәрдемдесу, ауруларға сырқат түрлерін, емделу режимдерін байыбымен айту, жылдам және толық сауығуына лайықты жол таба білу, жылы сөзбен сөйлеу, сабырлы түсіндірумен екінші өмір сыйлау арқылы қоғамның оларға деген сенімі мен құрметін арттырады. Бүкіләлемдік пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің тәжірибесі, ажалдан қорықпайтындығы өзінің оң нәтижесін көрсетті. Қоғамда мәртебелі етті. «Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы», демекші денсаулықтан соң халықтың әлеуметтік жағдайы орын алады. Медицинасымен әлеуметтік жағдайы дамыған мемлекеттің бақыты баянды болмақ.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымындағы әлеуметтік қызметкерлер, өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтарға Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз бірлесе жұмыс жасай отырып, қиын жағдайдан шығуға ықпал жасайды. Аймақтық дәрігерлер мен медбикелер жоғары және орта тәуекел тобындағы азаматтар мен отбасыларды анықтап, тізімін берген соң, орын алған әлеуметтік мәселені немесе оқиғаны жүргізу кезінде отбасының мәселесіне қарай бағалау жасап, жоспар түзіп медициналық, құқықтық, мәдени, еңбектік, психологиялық, экономикалық қызметтер көрсетеді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы ҚР ДСМ-90 бұйрығына сәйкес әлеуметтік қызметкер медициналық-әлеуметтік сараптаманы ұйымдастыру және өткізу, клиенттің отбасы мүшелерін үйдегі медициналық күтім негіздеріне үйрету, әлеуметтік мәселелер, соның ішінде жасына қарай бейімдеу мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес жүргізеді.
Қорыта келгенде, медицина саласындағы әлеуметтік қызметкерлер медицинаның бір бөлшегі ретінде қоғамдағы медицина қызметкерлері мәртебесін көтеруде өз үлестерін қосуда. Сондықтан да медицина қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесінің әркез жоғары болып қалуын тілеп қала беремін.

Д.Б. Токжигитова,
№6 ҚЕ әлеуметтік қызметкері.