ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА: ЖАУАПТЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІКтЕН ЖАЛТАРЫП КЕТПЕЙ МЕ?

Мәжіліс кулуарында әділет вице-министрі Алма Мұқановадан кеніштегі қайғылы оқиғаға заң тұрғысынан инвестор жауапкершілік тартуы керек пе деген сұрақ қойылған болатын.

Вице-министрдің айтуынша, инвесторды ешкім жауапкершіліктен босатпайды. Яғни бұл факт бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапты тұлғалар және тергеу органдарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиғаны тудырған әрекеттерде құқықбұзушылық белгілері болса, нәтижесіне қарай нақты айтуға болады. Ал жауапкершілік бар. Бірақ оның қандай сипатта болатыны тергеу нәтижесі бойынша анықталмақ.
Шенеунікке шетелдікті жауапқа тартып, темір торға отырғызу «техникалық тұрғыдан» мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Бұған вице-министр «Жалпы Қылмыстық кодексте қылмысты Қазақстан азаматы немесе шетел азаматы жасағаны ажыратылмайды. Мысалы, егер ел аумағында шетелдік азамат басқа адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірсе, онда ол Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады» деп жауап берді.

«Уақыт».