«СЕНІМНЕН ШЫҒУ – ҮЛКЕН ЖАУАПТЫ ІС!»

Халық қалаулысы атану, депутаттық мандатқа ие болу жауапты қызмет екенін түсінуіміз керек. Өз басым соңғы екі шақырылымда партия атынан сайланған мәслихат депутаты болып келемін. Қазіргі заман талабы мен қоғамның сұранысы күннен-күнге күрделеніп келе жатқанын көріп отырмыз. Халықтың талап-тілегі басты назарда болуы керек екенін ұғынатын кез келді.

Мандатты иелендік пе, енді соған лайықты халыққа адал қызмет етуіміз тиіс. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бүгінгі күннің заңдылығы деп санаймын. Талап ескерілсе, елде даму мен өркендеу болатыны сөзсіз. Жаңа Қазақстан мен Әділетті Қазақстанның негізгі ұйытқысы – халық. Халық – үлкен күш! Барлық тұрғындардың мәселесі осы заманда лайықты өмір сүру екенін түсіне білуіміз қажет. Сайлау науқанында уәде бердік. Енді орындалуын да талап ету – нағыз демократияның белгісі.
Фракция жетекшісі ретінде айтарым – ешкім де халықтан жоғары емес. Саяси тұлғалардың мынадай сөзі бар «Халықтың сенімін бір жоғалтқан адам бар сый-құрметінен де айырылады». Осыған орай, қала тұрғындарының аманаты, сенімі мен үміті бізге артылғандықтан, жауапкершілігімізде екенін нақтылап айтып өтейін. Сондықтан халықтың игілігі үшін барлық мемлекеттік органдар мен өкілді органдар барынша атсалысып, бірлесе жұмысымызды жалғастыруымыз керек. Сонда ғана еліміздің ертеңі мен келешегі кемел болатынына сенемін!

Қайрат ИМАШЕВ,
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі.