ТАЛАПТЫ ЕЛЕМЕЙТІНДЕР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысында, атап айтқанда Арыс қаласы мен Шардара ауданында заңсыз құм карьерлерінің жұмысы тоқтатылып жатыр. Соның бірі – аймақты кесіп өтетін Сырдария өзенінің бойынан құм тасыған компаниялар енді қалпына келтіру жұмысын жүргізеді.  «Пантокрин» компаниясы ерекше қорғаудағы аумақтан заңсыз құм тасып келген. Нақты шығын әлі есептеліп жатыр.

«Сырдария-Түркістан» өңірлік паркі орман бөлімінің меңгерушісі Мансұрбек Бурханбаевтың айтуынша, Арыс қаласында тағы 2 заңсыз жер қорғау аймағында шекаралас тұрған аймақта жұмысын тоқтатты. Табиғатқа залал келтірген мекеме енді қазған жерді тегістеумен айналысады. Бұл процесс тікелей мамандардың бақылауында болады. Табиғат сақшылары тоғай маңы ерекше қорғауда екенін ескертетін белгілер мен бөгде көліктер кірмеуі үшін қоршау орнатты. Табиғи ресурстарды пайдаланып келгендердің біразы Шардара ауданында да анықталып отыр. Сырдарияның бойындағы дәл осы жерді құм тасушы компания ұзақ уақыт пайдаланып келеді. Компанияның жолы кесілгеннен кейін құм тасу үшін тағы жер сұраған. Алайда олардың арызы қанағаттандырылмаған.
Бүгінгі таңда құм тасушы компанияның вагоны әлі күнге дейін тұр. Олар бірнеше аумақты қазып тастаған. Енді бұл мекеме де қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар заң аясында тиісті шаралар қабылданатынын да ескерген жөн.