«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

Өткен аптада «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының VI бағытын түсіндіру және жылыжай шаруашылығының қысқы жылыту маусымына дайындығы бойынша Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округі тұрғындармен кездесу өтті.

Кездесуге ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қатысып, ауылдық округ тұрғындарына аталған пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады. Сонымен қатар жылыжай шаруашылығымен айналысушы азаматтарға қазіргі уақытта қысқы маусымға қажетті көмірді жинап алу қажеттігін түсіндірді.
Жоғарыда аталған жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздықты және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды заңдастыру. Сонымен қатар ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Айта кету керек, жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде. Бұдан бөлек, жобаның VI бағыты бойынша шағын өндіріс орындарын және қызмет көрсету орталығын ашуға ниетті азаматтар несие алуға өтініш бере алады.