КӘСІПТІК ОҚЫТУДАН ҚҰР ҚАЛМАҢЫЗ…

Биылғы жылдың мамыр айында кәсіптік оқытуға азаматтарды жолдау жоспарланып отыр. Оқыту курстары тігінші, кондитер, пішуші, автомобиль жөндеу слесарі, аспаз, бухгалтер-кассир, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері, шаштараз шебері сынды мамандықтар бойынша оқытылады.

Қатысушыларға ай сайын 20 984 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Мүгедектік болған жағдайда, мүгедектікті оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) кәсіби бөлім бөлінісінде жұмысқа қабілетті немесе оқуға қабілеттілігіне дәрігердің рұқсаты болуы қажет.
Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі (1 ай-теория,2 ай-практика). Оқу аяқталған соң арнайы куәлік беріледі. Қажетті құжаттар тізімі — жеке куәлігінің көшірмесі, білімін растайтын құжаттың көшірмесі (диплом, сертификат, куәлік, аттестат), медициналық анықтама 075-нысандағы үлгі көшірмесі, 20 сандық шот (Jusan Bank (шәкіртақы алу үшін), еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда).
Қосымша ақпаратты Шымкент қаласы, «Нұрсат» ш/а, С.Бәйтереков көшесі, 89 мекен-жайынан «Кәсіптік оқыту бөлімі» немесе +7(775) 053 39 41 байланыс нөмірінен біле аласыздар.
Айта кету керек, биыл ҚР Үкіметінің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында кәсіптік оқытудан өтіп, куәлік алған азаматтар қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтінім бере алмайды. Оқытудың нақты басталу мерзімі қосымша әлеуметтік желі парақшасында жарияланады.