«АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТІН ЕРЕКШЕ БАҒАЛАЙМЫН»
Үнемі көпшіліктің алдында, өнер жолында жүргендіктен, досқа, жора-жолдасқа, сыйласатын адамдарға кенде емеспін. Солардың ішінде Мерлан Керимжановтың орны бөлек. Оның іскерлік қабылетімен қатар адамгершілік қасиетін ерекше бағалаймын. Ол — қолына аз билік тисе, адам танымастай өзгере шығатындардың қатарынан емес. Қандай қызметте жүрсе де адамгершілігі мен қарапайымдылығын жоғалтпай келеді. Інілік ізетін көрсетуден танбаған. Ата-ана берген тәрбие мен имандылыққа беріктігі өз ортасында абыройын арттырмаса, кеміткен емес. Біраз жылғы таныстығымыз маған Мерланның осындай жақсы қасиеттерін танытты. «Жас келсе, іске» дейді. Білімі мен тәжірибесі толыққан шақта депутат ретінде елге қызмет етсем деген ізгі ниетін қос қолдап қолдаймын. Тек сәттілік тілеймін. Тап қазір елге осындай іскер де адал азаматтар ауадай қажет. Қолдаңыздыр, сенім білдіріңіздер. Сенімдеріңізді ақтайтынына күмәнім жоқ!
Нұржан ТӨЛЕНДИЕВ,
«Алдараспан» әзіл-сықақ театрының директоры.