«МӘСЛИХАТҚА ЖАҢАШЫЛ ДЕПУТАТТАР КЕРЕК»

Биылғы сайлауды елде жүзеге асып жатқан қайта саяси құрылымдау процесінің жалғасы ретінде қарауға болады. Сондықтан тұрғындар бұл науқанға белсене араласып, дұрыс таңдау жасауға атсалысуы керек деп санаймын. Мен бірнеше рет қатырынан Шымкент қаласы мәслихатының депутаты болып сайландым. Мәслихаттың тыныс-тіршілігін жіті білемін. Елімізде басталып жатқан үлкен саяси реформалар қарсаңында мәслихаттарға сауатты, елі үшін жанын салып жұмыс істейтін азаматтар қажет. Мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында жаңашыл жастардың белсенділік танытуы қуантады. Солардың ішінде Мерлан Керимжановтай белсенді әрі іскер жастардың бой көрсетуі үлкен үміт сыйлайды.
Мерланды өз мүддесінен мемлекеттің мүддесін жоғары қоятын азамат ретінде жақсы танимын. Жұмыс барысында оған талай көзім жетті. AMANAT партиясының мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен көзге түсіп жүр. Оны, әсіресе, қаланың коммуналдық шаруашылығын жіті білетін маман ретінде жоғары бағалаймын. Бізге қазір құр сөздің, құрғақ уәденің емес, нағыз істің адамдары керек. Мәслихатқа осындай жігерлі азаматтардың жетіспей жататындығы байқалады.
Сондықтан тұрғындардың талабына құлақ асып, оны шешудің тетігін білетін азаматтың депутат болғанын қалаймын. Көпшіліктің сеніміне ие болған Мерлан Керимжановты қолдаңыздар, дұрыс таңдау жасаңыздыр!

Нұрғазы БҰХАРБАЕВ,
Қазақстанның Құрметті депутаты.