«ҰЛТЖАНДЫ, ІСКЕР АЗАМАТ»

Алдағы сайлау біз үшін өте маңызды. Өйткені бұл — еліміздің саяси жүйесінде жүргізілген реформаларға байланысты жасалып жатқан жаңа қадам. Халық бұл сайлаудан көп өзгеріс күтіп отыр. Осыған орай, қазір партиялардың бағдарламалары жаңарып, бәсекелестік күшеюде. Бір мандатты депутаттар да белсенді. Қалай десек те, бізге өздерінің жаңа идеяларын ұсына алатын, кабинетте отыратын емес, халықтың арасында жүретін іскер депутаттар керек. Қалалық мәслихатқа түсіп жатқан сондай үміткерлердің бірі Мерлан Керимжановты жаңа талаптардың үдесінен шыға алатын азамат ретінде танимын.
Өздеріңіз білесіздер, оңтүстің өңірдің шаруалары үшін су тапшылығы – өте өзекті мәселе. Әсіресе, судың басында отырған көршілес елдер керек кезде су мөлшерін азайта түседі. Өткен жылдары осы күрделі мәселе оң шешімін тауып, «Достық» каналы арқылы келетін су көлемі секундына 60 текше метрден 100 текше метрге артты. Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы осындай нәтижелі келіссөздердің бел ортасында сол кезде «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры болған Мерлан Керимжанов жүрді. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып, рухани астананың қазіргі жаңа келбетін қалыптастыруға сүбелі үлес қосты. Ол Түркістанда салынып жатқан зәулім ғимараттардың, жолдар мен қаланы көркейту жұмыстарына жауапты болды. Шымкент қаласы мен облыста құрылыс, соның ішінде жол құрылысы саласында жауапты қызметтер атқарды. Осы саланың жілігін шағып, майын ішкен бірегей маманға айналды. Сайлаушыларға да жол, ауыз су, табиғи газ, кәріз желісі және мектеп, балабақша, емхана секілді әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешіп бере алатын депуттар керек емес пе?
Ендеше, істің адамына, білікті маманға, жауапкершілікті сезінетін иманды, ұлтжанды азаматқа қолдау білдірейік. Мерлан Керимжановқа сеніңіздер, сенімдеріңізді ақтайтынына кепілдік беремін!

Еркін Сатқанбаев,
Шымкент қаласының Құрметті азаматы.