АТАЖҰРТҚА ҚАЙТҚЫСЫ КЕЛЕТІН ҚАЗАҚТАР САНЫ КҮРТ АРТТЫ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды. Көш әлі де жалғасып жатыр. Елімізге келген қандастарға мемлекет тарапынан көмектердің көрсетілетіні де бесенеден белгілі.

Күні бүгінге дейін шекара асып, шеттен келген қандастар қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, елдің дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Соңғы уақытта атажұртқа қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артып отыр. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне көшіп келген.
Оның 70 пайызға жуығы Өзбекстаннан қоныс аударған. Өзгелері Қытай мен Түрікменстан, Моңғолия және басқа да елдерден келген. Қандастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған «Отандастар» қорының мәліметінше, соңғы жылдары ата жұртына қайтқысы келетін қазақтардың санында өсім байқалады.

«Уақыт».