ТАҢҒАЖАЙЫП ТАУЫМЫЗҒА САЯХАТ

Дәл осындай атаумен Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі 27 қыркүйекте конкурс өткізеді. Конкурсқа қатысушылар аталған тақырып аясында өздері түсірген фото және видеороликтер дайындайды.

«Халықаралық туризм күніне» орай ұйымдастырылып отырған конкурста қатысушылар «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағындағы әсем жерлерді, өзен, көлдер, бұталар, өсімдіктер, жануарлар мен құстар және тағы басқа парк құндылықтарын түсіруі тиіс. Видеороликтің ұзақтығы 60-90 секунд аралығын қамтуы тиіс.
Конкурс үшін дайындалған материалдар 23-қыркүйекке дейін «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мекемесінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің электрондық поштасына жолдануы қажет.
Конкурсты ұйымдастырушылар жеңімпаздарға ұлттық парк аумағында таңғажайып демалыс сыйлайды.