«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Шымкентте 16 қыркүйек күні «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Жалпы қыркүйекте Қазақстанның барлық ірі қалаларында аталған жалпыреспубликалық акциясы басталады. Оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып отыр. 

Іс-шара барысында кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және өзге де білікті мамандар бар. Тіпті, акция форматының ауқымы мен географиясы Қазақстанда ғана емес әлемде де өте үлкен. Қазақстанда бүгінде «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Іс-шараға қатысқан қарапайым қазақстандықтар өз алғыстарын білдіріп жатыр. Нақтырақ айтсақ, 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.
Айта кету керек карантиндік шектеулер енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. Ал 2022 жылы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданып отыр.