13 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Жыланбұзған тұрғын алабында 13 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оның ішінде 3 коммерциялық нысанның маңдайшасы заң талаптарына сәйкес еместігін анықтады.

Кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарының сақталуы жөніндегі парақшалар таратылып, ақпараттық ескерту жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының тұрғын алаптарындағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Орын алған кемшіліктер шұғыл түрде кәсіпкерлік нысан иелеріне хабарланып, өзгертілуде.
Жалпы көшелердегі жарнамалар мен маңдайшалардағы жазулардың қателігіне қатысты тұрғындар тарапынан жиі сын айтылады. Жоғары аталған тексеру міне осындай олқылықтардың орнын толтырады.