КҮНГЕЙДЕ 1,5 МЛН-НАН АСА ТҰРҒЫН КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН

Бүгінде Түркістан облысында 831 елді мекен бар болса, соның 457-сі немесе 54,9 пайызына табиғи газ жеткен. Бұл дегеніміз өңірде 2 млн-нан аса халықтың 1 млн. 529 мың (73,7%) көгілдір отынға қол жеткізген деген сөз. Көрсеткіш көлемін арттыру үшін биыл басқа да елді мекендерді газбен қамту үшін 69 нысанның құрылысына 15,9 млрдтеңге бөлінген. Соның есебінен жыл соғына дейін тағы 10 елді мекен табиғи газға қосылады.

Бұл туралы Түркістан облысы Экология департаменті мәлімдейді. Осы аптада Түркістан облысы Экология департаменті ағымдағы жылдың алты айында атқарылған жұмысын қорытындылады. Орындалған жұмыстар және алдағы жоспары туралы мәліметтерімен бөлісті.
Аталған департамент осы жылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде экологиялық проблемалар мен оларды жұртшылықпен, әсіресе, өңірдегі экобелсенділермен шешу жолдарын қарастырып, нәтижесінде экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі 21 іс-шаралық жол картасы бекіткен. Жол картасы 7 блоктан тұрады. Атап айтқанда, көмірде энергия өндіретін кәсіпорындардың зиянды шығарындыларын азайту,жеке сектор үйлеріне көмір шығарындыларын азайту,көгалдандыру, автокөлік шығарындыларын азайту, қалдықтарды басқару саласы, техногендік-минералдық түзілімдер және тұлғалық даму.
Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылды? Көмірде энергия өндіретін кәсіпорындардың зиянды шығарындыларын азайту үшін «Түркістан Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қазандықтың жылу беруі қатты отыннан табиғи газға ауыстырылды. Нәтижесінде атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындысының 22% төмендеді.
Облыс бойынша «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп ауа сапасын автоматты бақылаудың 5 қондырғысы орналастырылды. Қондырғылардың 3-уі Түркістан қаласында, біреуі Кентауда, тағы біреуі Састөбеге қойылды. Бұл қондырғылар қашықтан оңай басқарылып, әрбір 20 минут сайын өлшеу жүргізеді. Және AIR KZ мобильдік қосымшасынан нәтижелерді үздіксіз алу мүмкіндігі жасалған.
Биыл дәл мұндай қондығыларды Сарыағаш, Шардара аудандарына 2 автоматтандырылған бекет орнату жоспарлануда.
Түркістан облысы Экология департаменті рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын белсенді жүргізуде. Есепті мерзімде облыста «Ғарыш сапары» түсірілімдеріне сәйкес 350 стихиялық заңсыз қоқыс орны анықталды. Қазіргі таңда оның 56% (210) тазаланған.
Бей-берекет стихиялық қоқыс орындарын тазалау жұмыстары департаменттің бақылауында.
Есепті мерзім ішінде қолданыстағы Экологиялық кодекстің талаптарын орындау мақсатында департамент тарапынан 33 тексеру жұмыстары жүргізілген. Оның 12-сі профилактикалық бақылау болса, қалғаны жоспардан тыс тексеру. Нәтижесінде 151 әкімшілік іс қозғалып, 327 млн айыппұл салынған.