ШЫМКЕНТТІҢ ӨНІМІ 9 ЕЛГЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Қазақстанда өнімдері экспортталатын аймақтар қатарында Шымкент қаласы алғашқы бестіктен көрінеді. Үшінші мегаполис бір көрсеткіш бойынша абсолютті көшбасшы. Бұған дейін Шымкенттен шығатын дайын өнімдер 6 шетел мемлекетіне саудаға шығарылған болса, қазіргі таңда олардың саны 9-ға жетті.

Былтырдан бастап трансформатор, жиһаз бен төсек-орын жабдықтары алғаш рет Грузия, Украина, Беларусь сынды мемлекеттерге экспортталған.
Бүгінде қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 1 млрд 905 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде, экспорт — 573,5 млн АҚШ долларын құрап тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға көбейген.