Brent мұнайының бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет $96 асты

2022 жылдың сәуірінде жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,73%-ға өсіп, баррелі 96,07 долларға жетті, деп хабарлайды uaqyt.kz ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дүйсенбі күні Мәскеу уақытымен 04:04-те сауда алаңындағы деректер дәлел. Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 96 доллардан асқан. Мәскеу уақытымен 04:08-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 95,83 доллар (+1,47%) болған. WTI-дегі фьючерс 1,62%-ға қымбаттап, барреліне 94,61 доллар болды.