Шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау керек — Президент

Халық қазіргі уақытта көп несие алып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

 

«Қаржы жүйесінің тұрақтылығы экономиканы одан ары дамытудың кепілі екені белгілі. Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан тұтыну несиелері айтарлықтай артты. Оның мөлшері бизнесті несиелеу көлемінен асып кетті. Халық қазіргі уақытта көп несие алып жатыр. Осыны ескерсек, бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қауіпін тудыруы мүмкін. Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ, бұл тығырықтан шығаратын жол емес. Ең алдымен шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау керек. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен пруденциалды реттеу тетіктері арқылы нақты әрі нақты шешім қабылдауды тапсырамын», — деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.