Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кетті — Президент

Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кетті. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кетті. Мысалы, мен былтыр фармацевтика нарығындағы картельді ретке келтіруді тапсырдым. Бірақ кейбіреулер заңнамадағы кемшіліктерді желеу етіп, бұл жұмысты аяқсыз қалдыруға тырысуда. Сондықтан картельді келісімдер жасасты деген күдік болған жағдайда мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды тексеруге тыйым салу туралы мораторийдің күшін жоюды тапсырамын»,- деді Мемлекет басшысы.