«Сәуле» сапалы интернетпен қамтылды

Шымкенттегі «Сәуле» шағын ауданына «СпецавтоматикаСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан оптика желісі толық жүргізілді. Соның негізінде 2500-ге жуық үйге талшықты оптика желісі жалпы саны 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель тартылды. Нәтижесінде «Сәуле» шағын ауданындағы 9000 нан астам қала тұрғындарына сапалы интернет қолжетімді болды.

 

Шағын аудандағы интернет сапасын арттыру жұмыстары пандемия кезінде оқушылар мен студенттердің қашықтан еш кедергісіз білім алуына зор мүмкіндік тудырды. «СпецавтоматикаСервис» компаниясы тарапынан шағын ауданға тартылған талшықты оптика желісі  жылдамдығы секундына 200 Мбит интернетті қамтамасыз ететін болады.