81 ЖАСТАҒЫ ЖИҺАНКЕЗ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІН МУЗЕЙГЕ ТАРТУ ЕТТІ

Әлемнің біраз елін аралаған жиһанкез Кеңесбек Сейдімбек Ордабасы ауданына келген сапарында 65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін Қажымұқан музейіне өткізді. Спортшы мұражайға өткізген бұл велосипедімен бұған дейін қасиетті Мекке мен Мәдинаға, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне барған. Енді бұл велосипед құнды жәдігер ретінде жұртшылық назарына ұсынылатын болды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.
Салауатты өсір салтын берік ұстанған, велосипедімен әлімнің біраз елін аралаған 81 жастағы жиһанкезбен Темірландағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ұжымы кездесу өткізді. Ұжым спортты насихаттап жүрген ақсақалға құрмет көрсетті. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылды.
Кездесуде Кеңесбек Сейдімбек велосипед тебу денсаулыққа пайдалы екенін, қалалар мен мемлекетерді аралау барысында дүниетанымы кеңейгенін атап өтті. Мазмұнды кездесуде Ордабасы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Веломарафоншыға аудан әкімі Бағлан Баршаевтың атынан жазылған Алғыс хат табысталды.