22 ЖАСАР КЕЛІНШЕК ӨМІРГЕ ҮШЕМ ӘКЕЛДІ

Түркістандағы №2 облыстық перинаталдық орталықта үшем өмірге келді. Облыс тұрғыны, 22 жастағы келіншектің жаңа туған сәбилеріне Фатима, Зухра, Хадиша есімдері берілді.

Нәрестелердің салмағы 2200 гр, 2310 гр және 1980 грамм болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Қазіргі таңда сәбилердің жағдайы тұрақты. Үшемдер перзентханадан шығуға әзір.
Үшемді жарық дүниеге әкелген Гулмира Мирзаеваның үйінде ұлы мен қызы бар. Енді ол бес баланың анасы атанып отыр.