АҒАЙЫНДЫ АЗАМАТТАР АЛЛА ҮЙІН САЛУДА
Түлкібас ауданы, Азатты елді мекенінде ағайынды Әбдухалық пен Әбдіразақ Сайдовтар мешіт салуда. Аталған азаматтардың демеушілігімен салынып жатқан ғибадат үйінде бір мезетте 2 мың адам сәждеге бас қойып, құлшылық ете алады.
Мешіттің құрылысы үшін жұмсалатын қаржының көлемі 300 млн. теңгені құрайды.
Игі істі қолға алған азаматтар аумағы бір гектер жерді құрайтын мешіттің айналасы толық абаттандырылып, жасыл желек отырғызылатынын атап өтті. Өз кезегінде аудан әкімі Нұрлан Байғұт мешіт салуды қолға алған қайырымды азаматтарға аудан тұрғындары атынан алғыс білдіруде.