ЖЕТІСАЙДАҒЫ СУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРАДЫ

Жетісай ауданындағы қала мен барлық елді мекендерде су жүйелері жаңартылатын болады. Бюджет есебінен жүргізілетін жұмыстарды мердігер мекеме «СтройЖолСервис» ЖШС алдағы екі жылда аяқтайды. Сонымен қатар ауыз судың сапасын арттыру үшін «Абай топтасқан су жүйесі» іске қосылады.

Өз кезегінде мердігер мекеме өкілі Нұрлан Есқұлов ауданда ауыз су тапшылығын түпкілікті шешу үшін сыйымдылығы 2600 текше метр болатын 2 резервуар салынатынын алға тартады. Сонымен қатар тіршілік нәрін тұтынушылардың есептік қуаттылығы ескеріліп, қосалқы станса мен 2 су көтергіш стансасы да іске қосылмақ.
Қазіргі таңда аудандағы су жүйелерін жаңғырту жұмыстарына 6 жұмыс тобы жұмылдырылған. Оның басым бөлігі жергілікті тұрғындар.