КЕНТАУДА АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ҚАРҚЫН АЛАДЫ
Түркістан облысы, Кентау қаласында 360-тан астам көпқабатты тұрғын үй бар. Алдағы уақытта қаладағы 33 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ойын алаңшалары салынатын болады. Бұл шешімді Түркістан облысы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдады.
Аулаларға ойын алаңшаларын салу салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қолға алынады.
Жергілікті билік 2022 жылға дейін қаладағы барлық аулаға спорт және балалар ойын алаңшасын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ойын алаңшаларын салумен қатар, аулаларды абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Көпқабатты үйлердің маңы асфальтталып, автотұрақтар іске қосылады. Одан өзге тұрғындардың еркін демалуы үшін бастырма (беседка), жаңа орындықтар мен спортпен шұғылдану құрал-жабдықтары қоса орнатылады.