ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛДЫ

Шымкентте бірнеше жылдан бері айналаның ажарын бұзып тұрған қоқыс полигоны он айдың ішінде демалыс алаңына айналып шыға келді.

Қаладағы А-1 тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонын тұрғындар тыныстайтын орынға айналдыру жұмыстары биыл басталған. Мердігер мекеме «Кен Тау» ЖШС 301,6 млн теңгені құрайтын жобаның құрылысын өз мерзімінде аяқтап, пайдалануға тапсырған.
Жалпы ауданы 4,48 га аумақты алып жатқан демалыс орнында жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс урналары, спорт алаңдары құрылды. Кеше ғана көзге қораш көрінетін полигонның енді саялы аумаққа айналғанына жергілікті тұрғындар дән риза болып, билікке алғыс білдіруде.