Тектіліктің туын тіккен Тұрышбек

Тегінде «тау құласа да талант құламайды» деген тәмсілді тектен-текке айтпаған болар-ау деп ойлаймын. Мұныма тау тұлғалы Тұрышбек Елшібаев інімнің ілкімді игілікті істері, көпті ұйыстыра білетін ерекше ұйымдастырушылық қабілет-қарымы, мол пайым-парасты, іскерлігі дәлел болар-ау дер едім. Қала іргесіндегі Құрбан ата ауылында дүниеге келіп, сондағы орта мектепті үздік тәмәмдаған бауырымыз жүрек қалауымен мал дәрігері мамандығын қалаған екен. Күліш атамыз төрт түліктің жайын жақсы білетін, дәрігер болмаса да малдың ауру сырқатын оның түр-тұрпатынан, жүріс-тұрысын бірден аңкаратын адам болған деседі. Атам мен анамыз да Тұрышбегінің саналы азамат боп өсіп жетілуі жолында аянбапты. Сөйте келе Тұрышбек жоғарғы оқу орнын абыройлы аяқтап туған елге оралады. Алғашында веттехник, кейін келе сатылап бас мал дәрігері лауазымына жоғарылайды. Тұрышбектің тыным таппайтындығын бала бастан бойына біткен әдет дағдысы дерсің. Көп оқиды, көп ізденеді. Үлкен кісілерден көрген-білгендерін көңіліне тоқиды. Жиырма жылға жуық аудандық ауылшаруашылық басқармасын басқарды. Ысылды. Ширады. Білікті басшы, ұтқыр ұйымдастырушы, қайырымды қайраткерлік деңгейіне дейін көтерілді. Алдынғы толқын ағалары Спағұл Малдыбековке, Зайырбек Ахметовке, Омарбек Нұржановқа, Ибадулла Үмбетаевқа, Кенжехан Төлебаевқа қарап бой түзеді.

Қайсы бір жылы, жаңылыспасам, 2004 жыл болса керек ел жүрегі Астанада тың игерушілердің 50 жылдығы аталып өткені бар. Аудан әкімі бастаған делегация құрамында Тұрышбекте бар болатын.
Не керек Қазақстанның әр түкпірінен келген қонақтан қонақ үйлерге жайғастырылады. Омекең (Нұрдановты айтам) қашанғы қазақы қонақжайлығымен Қуаныш Айтахановты шәйға шақырады ғой. Тұрышбек інілік жолмен қонақ үйдің бірінші қабатындағы кафе-барға барып ас мәзіріне тапсырыс беруге кеткен. Нөмірде Омекең мен Қалекең қалған. Бір кезде Тұрышбек нөмірге қайта келді. «Ағалар, сіздерді Қайрат Мәми шайға шақырып жатыр» дейді ғой. Екі ағасы шұғыл киініп асханаға барады. Ашық-жарқын жүздесуде Қайрат Тұрышбектің елгезектігін, қарапайымдылығымен көркем мінезділігін тілге тиек етеді. Керемет кездесуден зор әсер алған ағалары Тұрышбекке алғыстарын жаудырды. Бір ой екінші бір ойды туғызады емес пе? Тағы да бір көрініс біздің қасиетті құтты мекеніміз – Мырзашөлге қашанда ағын су ауадай керек дүние ғой. Бірде көрші елдердің мемлекетаралық делегациясы Жетісайда бас қосады. Трансшекаралық еледердің су ресурстары мәселесі өте өзекті болып тұрған тұс болса керек-ау деп топшылауымыздың да өзіндік себебі бар еді.
Келген мәртебелі меймандардың ұзын саны сегіз. Құдайдың құдыретімен Тәжікстанның су ресурстары министрінің су жаңа костюміне жаңбырдың бар тамшысы тама қалмасы бар ма… Нұржанов мұны жақсыға балап тұрып, Тұрышбекке қарайды. Жақ ашып, лям-лим демесе де Тұрекең «Мен қазір келемін» деп бұрыла жөнеледі. Бас аяғы 20-25 минутта «Елдостан» су жаңа сегіз костюм-шалбар алып келеді ғой. Әлгі жоғары мәртебелі меймандардың киімдерінің размерлерін қалайша біле қойды десеңізші…
Тұрышбек басқарма басқарған шақта мақта дақылына көп коңіл бөлінетін. Минералды тыңайтқыштардан талай-талайлар таршылық көрмеді. Субсидияның да септік-шарапаты Тұрышбектің іскерлігінің арқасында жүзеге асып жатты.
Тұрышбек Күлішұлының Жетісай қаласына әкім болып келуіде заңды құбылыс деп ауыз толтырып айта аламыз. Әуезов, Абай, Қожанов, Ерубаев көшелер қиылыстарында кептелісті кеміту мақсатында төте-қиыс бұрылыстар салынды. Ақылды бағдаршамдар орнатылды. Түнгі қаланы серуендеушілерге арнап «Ертегілер әлеміне» саяхат айдарымен түрлі-түсті жарымшамдар жарқырауда.
Тұрышбектің тынымсыз тірліктері өз жемісін беруде. Бүгінде қаланың әрбір жерлерінде аллеялар бар. Балалар ойнайтын алаңқайлар да жар асып, сонайдайдан мен мұндалап тұрғанын көргенде түсінесіз. Осындайда орыстың дауылпаз ақыны Владимир Маяковскийдің «Чтобы люди умирая превратились в пароходы и в другие долгие дела» деген қанатты сөзі есіңізге еріксіз оралады екен ау. Осы бір тіркестің түп-тұқиянын тексере келе мынаны мойындайсын. Адам боп дүниеге келгеннен соң молынан жақсылық істе, мейірімді бол, шуақ-шапағатынды шаш, қайырымдылық жаса, абыройлы еңбек ет дегенге меңзеген екен-ау. Иә, мәнді де мағыналы ғұмыр кеше білу екенің бірінің қолынан келе қояр шаруа екендігі де бесенеден белгілі.
Бір кездерде қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ахмет Байтұрсынов: «жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенше істеп келемін. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанына мәз боп, мал өлімінде өлмеймін» деген екен. Сол сияқты Тұрышбек інімізде бойындағы бар білім-білігін, күш – жігерінде туған халықына жұмсаған азаматтардың бірі ғана емес, бірегейі. Бұдан әлде қайда бұрын ғұмыр кешкен, аты аңызға айналған әйгілі ғұлама, философ Әль-Фараби атамыз «Шексіз дүниенің шегіне кім жеткен. Түпсіз ғылымның тұтқасын кім ұстаған. Бірақ, сол жолда әркім өзінің ақылы жеткен жеріне бір белгі қалдыру керек қой. Сол белгі кейінгілерге жол көрсетіп, сапқа тұрасын, санатқа қосыласын, мәңгілік есте қалу дегенің осы» — депті.
Тұрышбек өте сыпайы, мәдениетті жігіт. Әкіммін деп кеудесін кермейді. Көпшіл. Қоғамшыл. Қай нәрсе болмасын «келісіп пішкен тон келте болмас» демекші қандай бір бастама болмасын қарамағындағылармен егжей-тегжей ақылдасады. Алайда, қорытындысында нүктені өзі қойады. Солайда болуы тиісқой, әрине. Тұрышбекті құдай қуат берген азамат деуге толық негіз бар. «Осы бір кісінің шаршағанын көргендеріңіз барма?» деп сұрайтындарда табылады арамыздан.
— Шаршап жүргенін көрмеппіз, — деп жауап береміз Біздер. Өз ісін жанындай жақсы көретіндер мен, өз ісін жетік меңгерген ешқашанда шаршамайтындығында арасында айтып қоямыз және көріпте, біліпте жүрмізғой.
Жарық дүние дегеніңіз неге мұншама ыстық десеңізші, шіркін. Баяғыда аса көп жасаған абыз Бұқар жырау бабамыздың:
Әлемді түгел көрседе,
Алтын үйге кірседе,
Ай нұрын мінседе-
Қызыққа тоймас адамзат,- деп бостан босқа айтпағына тан қалмайтын кісі табыла қоймас-ау сірә.
Тұрышбек уақытын босқа өткізетін шенеуніктерден емес. Таңертен өте ерте оянады. Гимнастикалық жаттығуларын жасап бітісімен, мұздай су процедурасын қабылдайды. Ертеңгі асында елден бұрын ішіп алып, өзіннің күнделікті жұмысына кіріседі. Қала әрбір түкпір-түкпірін жаяу аралап шығады. Кеңсесіне келгенде таңертен көрген білгенін ақ қағазға түсіреді. Ал аппараттағы қызметкерлері жұмысқа келген соң оларға жеке-жеке нақты тапсырмалар береді. Қала әкімінің бастамашылдығымен шығаберістегі 3 қабатты үйдің артынан заманауи үлгідегі аллея салу сәті басталуда. Өзі білімді, зейінді әрі зерек, сезімталда сергек тұрғындар талап-тілектеріне бейжай қарамайтын қалпына қоса, кез келген қиындыққа қасқая қарсы тұра алатын қайсар мінезін қосқанда Тұрышбектің қайраткерлік, кісілік келбеті молынан ашылатынын көріп жүрміз, қуанышты жүрміз. Ініміздің әрбір ісін көріп марқайып қаламыз. Туып өскен ортам деп, жайқалған, жер жұмағы – Жетісайым деп туған топырағына тағзым етушілердің бірі де біздің Тұрышбек бауырымыз. Өйткені оның Жетісайға жүрегі жылиды, бүйрегі бұрады. Күнделікті жұмысына келе жатқанда таңертенненмен есіне түсетін Қадір мырза Әлінің «О, туған жер»
Далаңменен алысып мен өзіне аман келем
Бірі мендік махаббат саған деген,
Бірі мендік жүрегім анам деген,- деп келетін жыр жолдары. Туған анаң мен Жер ананың орны әрқашанда бөлек қой. Біздің кейіпкеріміздің аграрлық ауданның ауыл шаруашылығын басқарған тұсындағы екінші жоғарғы білім алғандығында айта кеткеніміз жөн сиақты. Бұл кісі егіншілікпен айналысатын ауданның агро секторына жауапкершілікпен, біліктілікпен, ынта-жігермен кірісу үшін агро мамандығын игеру керектігін сезіп жоғарғы оқу орнын тамаша тәмәмдап шықты. Онысы өте дұрыс болды. Себебі декорациялық, дендрологиялық өскіндерді жетілдіру үшін агрономия білімі қажет. Теориялық терең білім мен практикалық тәжірибенің тоғысуы керек.
Мұны жетік білетін талантты тұлға – Тұрышбектің жанжақтылығына таң қаласын. Оның ұшқыр ойы, көрегенділігі мен сезімталдығына көпшілік куә. Тұрышбектің «құс қанша биік ұшқанымен жай қосатын жайы болады. Ал адам баласы үшін ең асыл, ең әзіз – ол әрқайсымыздың кіндік каңымыз туған жеріміз» деуінен оның өз отаның шексіз сүйетін нағыз ер жанды патриот екендігін айшықтаса керек.
Тұрышбек Күлішұлын тектінің тұлға деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар. 35 жылдан астам уақыт бедерінде мемлекеттік қызметті мінсіз атқарып келеді. Осынау уақытта ол кісі көреалмаушылықты көрді, алдаусыратып аяқтан шалғысы келетіндермен де бетпе-бет кездесті. Алайда тұралықтан таймады, тазалықты, тектілікті ту етті. Еш мойымады, ешкімге кек те сақтамады. Тас ұрғысы келген еді, аспен ұрды дегеңдей қалпымен, ақылмен, сабырмен, уәжбен жеңе білді. Текті демекші, Тұрекеңнің ағасы Ақылбекте, інісі Рысбекте ауданның құрметті азаматы. «Тәуелсіздікке 10 жыл, 20 жыл» мерекелік медалдармен мараппаталған. Облысқа еңбегі сіңген медалінің иегері. Інімнің асқарлы 60 жасқа толып отырған шағымда ағалық әдеп пен достық ақ ниеттпен, шын пейілмен ризашылығымды білдіргім келді. Тұрышбекжан, тәніңізге тұралық пен тазалық, діліңізге денсаулық, жанұяңызға жақсылықтын нұры жаусын айналайын. Бақ-береке мен шат-шадыман көңіл-күй тілегім келеді. Жан-жарың Гүлсарамен бірге терең қартайуға жазсын, Құдайым. Бала-шағаларының қызығын көріңіздер. 60 дегеніңіз әлі тал түс қой, қарағым. Жүз жасаңыз.

Жеңіс Серікбайұлы,
Мақтаарал ауданының Құрметті
азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі.