ТҮЛКІБАС ӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

Жыл басынан бері Түркістан облысы Түлкібас ауданының кәсіпорындарының өндірген өнім көлемі 6 млрд. 382 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,3%-ды құрады.

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі – 3 млрд. 560 млн. теңге. Жыл қорытындысымен жоспарға сәйкес ауданда 15 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Бұл сала бойынша Түлкібас ауданы облыста 1-орында тұр.
Бүгінгі таңда ауданда 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтсақ, кен өңдеу өнеркәсіп орны кәсібін дөңгелетіп, тамақ өнеркәсібі бағыты дами түсті. Және бірқатар кәсіпорын құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.