ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН ТОҚАЕВҚА ТАПСЫРДЫ
Кеше Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті.
Ассамблеяның кезекті сессиясы «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» деген тақырыппен ұйымдастырылды. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Еліміздің Тұңғыш Президенті алқалы жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы қызметінен кететіні туралы маңызды мәлімдеме жасады. Мұндай шешімге келуінің себебін Нұрсұлтан Әбішұлы «Елбасы» туралы Конституциялық заңға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамбеясын өмір бойы басқару құқығы маған тиесілі. Бірақ мен мүлде бас тартпаймын, үнемі қастарыңызда боламын. Алайда ел президенті бірқатар өкілеттікке ие. Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің қазіргі президентіне тірек болуға тиіс. Мемлекет басшысы да Қазақстан халқы Ассамблеясына арқа сүйейді. Сол себепті мен Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару құқығын Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдадым», — деп түсіндірді.
«Уақыт».