АБАЙ АУДАНЫНДА КӨГАЛ АУМАҒЫНЫҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Шымкенттегі Абай ауданындағы жасыл аймақтың аумағы 10 гектарға ұлғайды. Көгалдандыру қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Нәтижесінде «Шымкент-Ташкент» бағытындағы трассадан «Ақжар» тұрғын алабына дейінгі 3 шақырым жол бойының екі бағытына 10 000 түп, «Құрсай» шағын ауданындағы «Мұсылман мазаратының» аумағына 4 500 түп, «Гулисман» көшесінің бойымен «Бадам» өзенінің жағалауына 3 000 түп, «Шымкент-Түркістан» бағытындағы жол бойына 2 500 түп, 2 500 көпқабатты тұрғын үй аулаларына 22 500 түп қарағаш және жаңғыл ағаштары егілді. Көшеттердің барлығы демеушілер есебінен алынды.
«Шымкент-Түркістан» бағытындағы 5 гектар аумаққа 600 түп жабайы өрік, 700 түп қарағаш, 600 түп үйеңкі, 600 түп шаған отырғызылды. Сонымен қатар, 3 мың түп раушан гүлі егілді. Көгалдандыру шарасына көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері қатысты.