ҚҰТЫРУ, СІБІР ЖАРАСЫ, АУСЫЛҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ ЖҮРУДЕ

Шымкентте жануарлар мен адамға ортақ қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар үшін 123 млн.нан аса қаржы бағытталған. Бұл бағытта тиісті жұмыстарды жүргізу жұмыстары басталды.

Бұл туралы Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлімдейді.
Басқарманың хабарлауынша қазіргі таңда жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ауылшаруашылық саласындағы үй жануарлары, құстар мен ит-мысықтардың арасындағы инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу бағытында екпе егу, диагностикалық зерттеулер жүргізуге «Ветеринариялық қызмет» мекемесінің 70-ке жуық маманы жұмылдырылған. Ағымдағы жылдың 8-сәуіріндегі жағдай бойынша аталған мекеменің мамандары бруцеллез аурына 34 000 бас ірі және ұсақ малдан қан сынамаларын алып, зертханаға жолдаған.
Бұдан бөлек, құтыру ауруына қарсы 10650 ит-мысықтарға екпе еккен. Қорадағы төлдерге жиі жабысатын сібір жарасы жұқпалы ауруына қарсы препарат 33000 басқа салынған. Сондай-ақ, аусыл аурына қарсы екпені 43750 бас ірі және ұсақ мал қабылдап үлгерсе, құс тұмауына қарсы екпе 75500 бас үй құстарына егілген. Бұл бағыттағы жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жалғасуда.
Ауруды алдын алу үшін жүргізілетін бұл іс-шаралар бюджет есебінен тегін жүргізіледі. Қосымша сұрақтар бойынша Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына 24-75-37, 24-75-18 және «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18 телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар