ҮШІНШІ ҚАЛАДАҒЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМ ҮШ ОБЛЫСТЫҢ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУШЫЛАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Көктемгі әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімі Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарынан келген жас Отан қорғаушылармен толықты. 

Отан қорғаушылардың 35748 әскери бөлімге келуі демалыс күндеріне түскеніне қарамастан, оларды тәуліктік кезекшілікте тұрған жеке құраммен әскери оркестрдің музыкасы қарсы алды. Содан соң жас сарбаздарға бөлімнің басшылық құрамы таныстырылып, олар қызмет ететін әскери бөлімнің құрылу тарихы туралы айтылды.
Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдейді.
Жұқпалы коронавирус ауруының таралуын алдын алу үшін азаматтық борышын өтеушілерден әскери бөлімге келген бойда ПТР талдау алынып, екі апталық карантинге оқшауланған. Бұл уақыт ішінде оларға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық тестілеу жүргізіледі.
Тестілеу нәтижелері белгілі болғасын, жас сарбаздар алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді. Бір ай бойы олар әскери білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Жалпы әскери дайындықтың негізгі пәндерін оқиды. Олармен саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпы әскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі. Жас толыммен алғашқы әскери дайындық курсына арналған жиын әкімшілігі тағайындалды. Оның құрамына сарбаздарға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесетін, әскери істің қыр-сырын үйрететін тәжірибелі офицерлер, сержанттар мен психологтар кірді.
Әскери ант қабылдау рәсіміне дейін өтетін дайындық курстың қорытындысы полигонға шығып атыс қаруынан оқу ату жаттығуларын орындаумен аяқталады.