30-ДАН АСА МЕКТЕПТЕ БАЛАЛАРДЫ 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛҒАН

Шымкентте 226 мыңнан аса оқушы білім алады. 2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында 8 467 оқушы дәстүрлі форматта білім алуда. Ал 188 333 оқушыға сабақтар аралас форматта берілуде. Ата-аналардың өтініші негізінде 29 745 бала білімді қашықтықтан алуда. Биыл Шымкентте 11-сыныпты 9 342 оқушы тәмәмдайды.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева айтты.
Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа болжам бойынша 25 000-ға жуық оқушыны қабылдау жоспарланып отырғанын хабарлады. Сонымен қатар ол, 1-сыныпқа қабылдау үшін құжатты қабылдауға өтініш беру E-gov электронды порталы немесе Sakura24.kz сайты арқылы жүзеге асырылатынын, қазіргі таңда 2 076 оқушы 1-сыныпқа қабылданып отырғанын атап өтті.
Оның ішінде 412 бала E-gov электронды порталы арқылы, 1664 бала Sakura24.kz сайты арқылы қабылданған. Басқарма басшысы қаладағы үш ауысымда білім беретін, бала сыйымдылығы бір сынып үшін 35-40 болған №1, 16, 22, 29, 38, 42, 46, 45, 47, 50,53,54, 55, 58, 59, 65, 69, 72, 75, 77, 78, 81, 83, 88, 92, 94, 95, 103, 104, 115, 116, 120, 122, 130 мектептерде оқушыларды қабылдауға шектеу қойылғанын жеткізді.

«Уақыт».