ҚАЛАНЫҢ ТҮНІ ЖАРЫҚ БОЛАДЫ

2023 жылға дейін Шымкент көшелерін түнгі жарықтармен қамту көрсеткіші 70 пайызға жететін болады. Көшелерді жарықтандыру мен күтіп ұстау мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асады.

Бұл мақсатта жалпы құны 16,4 млрд. теңгені құрайтын бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Нәтижесінде 312 көше атап айтқанда, Абай ауданындағы-83 көше, Әл-Фарабидегі-42 көше, Еңбекшідегі-89 көше, Қаратаудағы-98 көше жарықтандырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар биылдан басталады.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазады.
Қаланы жарықтандыру мақсатындағы жұмыстар ағымдағы жылдың 1-наурызынан басталған. Бүгінде қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қаладағы Н.Назарбаев даңғылы мен Ж.Шаяхметов көшесінен Қ.Патеев көшесі аралығында түнгі жарық шамдар орнатылуда. Қазіргі уақытта 2 шақырым көшеге 51 жарықтандыру бағаналары орнатылып, жұмыстың 70 пайызы аяқталған. 2021 жылдың 15-сәуіріне дейін көшені жарықтандыу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Мамандар қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандардағы мектеп, емхана, балабақша және т.б әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көлік қатынайтын орталық маңызға ие көшелерге басымдық берілетінін алға тартады.