ҚАЗЫҒҰРТТА БИЫЛ 102 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ағымдағы жылы 2 табиғи газ нысанының 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 388 млн. теңге бөлінген.

Негізінен 2020 жылы басталған нысан құрылысы биыл аяқталады. Нәтижесінде, 51 елді мекеннің 79,7% табиғи газбен қамту жоспарлануда. Тиісінше ол ауданның 102 235 тұрғыны немесе 95,4 пайызы.
Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі былтыр 92,2 пайызды құраған. Ал, биылғы жылда 1 елді мекен (Тесіктөбе) ауыз сумен қамтылмақ. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 6 елді мекеннің су құбырлары ағымдағы жөндеуден өтеді. Жалпы, аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 93,7 пайызды құрайды деп күтілуде. Аудан халқының толықтай 100% таза ауыз сумен қамтылуы 2023 жылға жоспарланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.