ҚАЖЕТТІ КЕҢЕС  ҚАШЫҚТАН БЕРІЛЕДІ

 

Осы аптада Шымкентте тұрғындардың тиімді әрі нәтижелі ем алуы үшін 1430.kz. порталы іске қосылады. Аталған сервис арқылы мегаполистің барлық тұрғыны үйден шықпай-ақ қашықтықтан медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алады.

Бұл үшін 1430.kz порталына тіркеліп, қажетті маманды таңдап, онлайн-қабылдауға жазылу жеткілікті.

Онда жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрлардан, сондай-ақ салалық мамандардан өзіңізге қажетті ақпараттарды сұрап, тиісті кеңестер ала аласыз.