Сәләфизм идеологиясын ұстанушылар некені ойыншыққа айналдырған ба?
Неке- араб тіліндегі никах сөзінен шыққан. Шариғаттағы мағынасы: үйлену, үй болу және отау тігу деген мағыналарды білдіреді. Дініміз исламда некенің үкімі бекітілген сүннет амалдардың бірі. Құран Кәрімде Алла тағала: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық» (Зарият сүресі 49 аят.) – деп, Жаратқан Алла барлық нәрсені жұп қылып жаратқандығын білдірген. Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан. Сондықтан кәмелет жасына толған әр бір адам, өз бақытын тауып, үйленіп, тұрмысқа шығуы олөмірдің заңдылығы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) үйлену жайында: «Үйлену- менің сүннетім. Кім менің сүннетімнен бас тартса, менен емес (менің үмбетім емес). Үйленіңдер, өйткені басқа үмбеттердің алдында мен сендердің көптіктеріңді мақтан тұтамын» делінген (Ибн Мәжә, Никаһ,1) Ер мен әйелдің үйленуі үшін міндетті түрде неке қию шарт. Некесіз үйленуге шариғат үзілді-кесілді тыйым салады. Некесіз үйленгендердің одағы арам болып табылады. Неке қию үшін некенің бірнеше шарттары бар. Осы шарттар міндетті түрде орындалуы керек.
Олар: 1. Ижаб, Қабул. Ерлі зайыпты болатын жұптардың бір-біріне ризашылықтарын білдіруі. Мәселен ер адам мен әйел адам бір-біріне: «Сен маған тұрмысқа шығасың ба?», «Саған тұрмысқа шығуға келісімімді беремін»-деген сынды өз араларында сөздер айтып, ризашылықтарын білдіруі тиіс.
2.Неке қиылар сәтте ең кемінде екі куәгер болуы шарт. Ол екі адамның екеуі де мұсылман, ақыл есі бүтін, балиғат жасына толған болуы тиіс.Жас бала мен жындының куәгерлігі жүрмейді. Куәгерлікке екі ер адам, болмаса бір ер адам, екі әйел адам болуы тиіс.
3.Қызға сұраған сыйлығын беру. Шариғатта ол мәһір деп аталады. Мәһір қыздың өзіне жеке берілетін сыйлық. Оны қазақтың салт-дәстүріндегі қалың малмен шатастырмауымыз керек. Міне, осы үш шарт, некенің дұрыс болуы үшін, міндетті түрде орындалуы тиіс.Неке туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) нің тағылымды хадистеріне зер салып қарар болсақ. Aйшa aнaмыз (p.a) Әcәд ибн Зуpәpәның жeтiм қaлғaн қызы Фәpиғaны (p.a) қaмқopлығынa aлып, тәpбиeлeп өcipгeн. Бoйжeткeн кeздe oны aңcapлық Нәбит ибн Жәбиpгe тұpмыcқa бepeдi. Aйшa aнaмыз қaлыңдықты жұбaйының үйiнe aпapып кeлгeн кeздe, Aллa eлшici кeлiн түcipгeн жaқтың қaлaй қapcы aлып, нe бoлғaнын cұpaйды. Aйшa (p.a):
– Cәлeм бepдiк, жaқcылық пeн бepeкe тiлeдiк, — дeгeн кeздe,
– Әй, Aйшa, кeлiнмeн бipгe дaбыл қaғып, өлeң aйтaтын бip қызмeтшi қocып жiбepмeдiңдep мe? — дeйдi (Ибн Мәжә, Никаh, 21; әл-Мүснәд, 4/78)Ocы тұpғыдa Пaйғaмбapымыз Мұхaммeд (с.а.у): «Нeкeнi жapиялaңдap. Oны мeшiттe қиыңдap жәнe дaбыл қaғыңдap», — дeгeн(Тирмизи, Никаһ, 6)
Әнәc ибн Мәлiктeн (p.a.) pиуaят eтiлгeн хaдиcтe, бipдe Aллa Eлшici (с.а.у) Aбдуppaхмaн ибн Aуфтiң (p.a) жүдeулi, әбipжiгeн кeйпiн көpiп:
– Caғaн нe бoлғaн? – дeйдi. Aбдуppaхмaн ибн Aуф (p.a):
– Иә, Pacулaллa! Үйлeнiп eдiм – дeйдi. Coл кeздe Пaйғaмбapымыз (с.а.у):
«Aллa caғaн бұл нeкeнi бepeкeлi eтciн! Бip қoй бoлca дa coйып, қoнaқ acын бep»,(Бұхари, Мүслим) дeгeн eкeн.
Бұл хадистерден некені мешітте қиыңдар, дабыл қағыңдар, некені жария етіңдер, бір қой болса да сойып, қонақ асын беріңдер деген Алла елшісінің сөздерін байқаймыз. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз осы мәселелерді негізге ала отырып, ақ босаға аттап келген жас келінге қайын жұртын беташар арқылы таныстырған. Сондай-ақ беташар арқылы халыққа жар салып, дабыл қағып, некені көпшілікке жариялап, бір малын сойып, қонақ асын берген.Дана қазақтың дін мен дәстүрді тамаша ұштастыра, үйлестіре білгенін осы жерден ақ байқауға болады. Ал, қазіргі таңда сақал қойып, балақ қысқартып, өздерін ізгі жолды ұстанушылармыз деп жүрген қазақтың өрімдей жастары беташарды ширкке балап, көпшілікті кәпірге шығарып, елдің арасына іріткі салуда. Неке деген қасиетті ұғымды ойыншыққа айналдырып, жасырын түрде, өз араларында жалғанкуәгерлер арқылы некелесіп жүргендердің қатары аз емес. Сондай оқиғалардың бірі еліміздің батыс өңірлерінің бірінде болған. Салафизм идеологиясына уланғанжігіт «ВКонтакте» желісі арқылы жасөспірім қызбен танысады.Қыздың дінге деген қызығушылығын байқап, оған неше түрлі жылы-жылы сөздер айтып, радикалды идеология туралы кеңінен насихаттап, жасөспірім қыздың әлі ақыл тоқтата қоймағанын пайдаланып, қыздың әбден сеніміне кіреді. Осылайша виртуалды махаббат екі үш айға созылады. Кейін жігітсымақ қызға өлердей ғашық екенін айтып, үйленіп, отбасы құруға ұсыныс жасайды. Онлайн махаббаттың буына мас болған қыз өз келісімін береді. Бұл жағдайлардың барлығынан қыздың ата-анасы бейхабар болған. Екеуі оңаша кездесіп, діндес таныстарының жалған куәгерлік етуімен некелерін қияды.Кейін алдын-ала жалдап қойған қонақ үйде неке түндерін өткізіп, ойнап-күліп болған жалған діншіл жігіт, қыздың абыройын аяққа таптап, талақ айтып, ажырасып кете барады.
Тағы бір мысал келтірер болсақ «Пендеміз ғой» бағдарламасының кейіпкеріАстаналық Ақбота есімді келіншек те бес рет тұрмысқа шығып, бес рет талақ алған. Бес күйеуінен алты баланы дүниеге әкелген. Ақботаның айтуынша алғашқы күйеуіне он жеті жасында тұрмысқа шыққан. Үшінші, төртінші, бесінші күйеулері сәләфилік идеологияны ұстанушы сәләфилер болған. Үшінші күйеуімен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Күйеуінің әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің суреті емес «намаз», «құран кітаптың» суреттері болған. Парақшасының суреттеріне қарап, намаз оқитын иманды кісі екен деп ойлаған. Осылайша екеу ара сөйлесіп, алты айдан кейін «мен сені әйелдікке аламын» деген. Алғашқыда Ақботаның ата-анасы қарсы болып «Қой қызым. Екі мәрте тұрмысқа шықтың ғой. Ұят болар. Одан да қызың үшін өмір сүрерсің»-деп қарсылық танытқанына қарамастан «тұмысқа шық» дей бергеннен кейін бірге тұра бастаған. Бұл күйеуінің де оғаш қылықтарын бірге тұрғанда білген.Бірде Ақбота күйеуінен «Неге балағы қысқа шалбар киіп жатырсыз?»-деп сұрағанда»Не қыласың? Не жұмысың бар? Сен әйел адамсың, жайыңды біл. Мен еркек адаммын»-деп дөрекі жауап берген. Сол күннен бастап балағы қысқарып, сақалы ұзарған. Сыртқа шығармай, шектеу қойып, теледидар көрсетпей қойған. «Сенің жеп жатқандарың харам. Жеті шелпек пісірме»-деп тыйым салған. Содан кейін арада ұрыс-жанжал шығып, үш рет талақ айтып кетіп қалған. Сөйтіп жүргенде кейіпкеріміз Ақбота тағы да төртінші рет намаз оқитын азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол азаматтың балағы қысқа емес, ұзын сақалы болған. Ол азамат та Ақботаға отын түсіріп беріп, қамқорлық танытқан.Таныстығы осылайша басталған. Содан не керек ол кісіге де тұрмысқа шығып, одан екі бала туып алған. Арада үш жыл өткенде отбасындағы ұрыс-жанжалдың арты ажырасуға апарған.Сол сәтте үйге әр түрлі жастағы он шақты ер адам келіп, күйеуі солардың көзінше талақ айтқан. Сол он шақты адамның біріне қарата «Сені мына кісіге сыйлаймын. Сені мына кісіге әйелдікке беремін. Тарту-сый ретінде әйел боласың»- деп төртінші күйеуім мені үлкен кісіге берді дейді. Менің келіспегеніме қарамастан «Сен осыған келіспесең, жаман әйелсің. Сен төрт еркектен шықтың. Сені еш еркек адам ретінде көрмейді. Сенің балаларың да харам»-деп күштеп, ұрып-соғып, быт- шытын шығарып, алып кеткенін айтады.Осындай жағдай болып жүргенде мен балаларымды әкеме тастап кеткенмін», — деген Ақбота бесінші күйеуінен көрген бар қорлығын жайып салды. «Ол кісі де күнде ұрып, таяқтың астына алады. Түрме қылып ұстайды. Жан-жағының бәрі жабық бір үйге алып барды. Тамақ дайын болмаса, ұрып-тепкілейді. Білгендерін істейді. Менің күресуге шамам қалмаған. Сөзбен де қорлайды. Ол кісінің аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Мен қатты қорықтым. Бесінші жолдасыммен төрт жыл тұрып, үш бала тудым. Бір күні ол кісі сыртқа шығып кеткен. Ал телефоны қалып кетіпті. Телефонды маған ұстатпайтын. Төрт жыл аралығында ата-анам мен оларда қалған үш баламды көрмедім. Мен бірден анама хабарластым. Анам менің дауысымды естіп, жылап жіберді. «Мен осындай жағдайға тап болдым. Мені құтқарыңыз» деп жыладым. Әке-шешем мені іздеп тауып, құтқарды. Қазір енді бала-шағамның бәрі өзімнің жанымда. Пәтер жалдап тұрамыз. Ол кісілердің бәрі сыбайлас екен. Олар құрықталып, түрмеде. Бірақ босап шығып, мені өлтіріп кетеді ме деп қорқамын», — дейді Ақбота. (Мысал KAZ.NUR.KZ.тен ықшамдалып алынды)
Сөзіміздіқорытындылай келе,халқымызда «Қызды қырық үйден тыю, қала берсе, күңнен тыю» деген мақал бар.Қыздарымыздың тәрбиесіне бей-жәй қарамай,жат ағымның жетегінде кетіп, олардың қолжаулығы болуына жол бермеуіміз керек.
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы Омарбаев Бектұрсын.