ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ
немесе, Әбдірахымов іске асыра алмаған жобаны Әйтенов атқара ала ма?
Ағымдағы жылдың 1-маусымынан бастап Шымкенттегі қоғамдық көліктер электронды төлем жүйесіне көшеді.
Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен онлайн-брифингте қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.
Бұл жобаны жеке инвестор «QazSmartTrans» ЖШС өз есебінен жүзеге асырады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асатын бұл жоба қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсартып, жолаушыларға қолайлы жағдай туғызады.
Қоғамдық көліктерде қолма қол ақшасыз төлемдерді енгізу тәртібі туралы Мақсұт Пернебайұлы:
– Электронды төлем жүйесін енгізу үшін 24 көлік компаниясымен келісім шарт түзілді. Қазіргі таңда автобустарға кабель мен сымдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке көлік карталарын шығару үшін көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтардың, одан бөлек, жоғары оқу орындары, колледждерде оқитын студенттер мен мектеп оқушыларының деректері жинақталуда,-дей келе,
– Бұл жүйе қалаға өте қажет. Электрондық төлем жүйесі арқылы біз енді тасымалдау компанияларының табысын айқындайтын боламыз. Және осы салада көлеңкелі экономиканың жолын кесеміз. Сонымен қатар біз қандай бағыттағы автобустардың кестеге сай жұмыс істеп жатқанын білетін боламыз,-деді.
Сондай-ақ ол, электрондық төлем жүйесі кезінде жолаушылар жол ақысын көлік картасымен немесе SMS, QR-код арқылы және смартфонды қолдана отырып төлей алатынын айтты. Дей тұрғанмен жолаушылар міндетті түрде жеке көлік карталарын алуы тиіс. Мақсұт Пернебайұлы тұрғындар көлік карталарын қалай алатыны туралы ақпараттар алдағы уақытта қосымша хабарланатынын жеткізді.
Мақсұт Пернебайұлы электрондық төлем жүйесі бойынша тариф бағасы өзгермейтінін ескертті. Яғни, көлік карталары бар жолаушылар үшін жол ақы құны 70 теңге болады.
Сондай-ақ ол, электрондық төлем жүйесі кезінде жолаушылар жол ақысын көлік картасымен немесе SMS, QR-код арқылы және смартфонды қолдана отырып төлей алатынын айтты. Дей тұрғанмен жолаушылар міндетті түрде жеке көлік карталарын алуы тиіс. Мақсұт Пернебайұлы тұрғындар көлік карталарын қалай алатыны туралы ақпараттар алдағы уақытта қосымша хабарланатынын жеткізді.
Мақсұт Пернебайұлы электрондық төлем жүйесі бойынша тариф бағасы өзгермейтінін ескертті. Яғни, көлік карталары бар жолаушылар үшін жол ақы құны 70 теңге болады.
Қала әкімінің орынбасары қоғамдық көліктердің электрондық төлем жүйесіне көшуіне тұрғындар тез бейімделуі үшін тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін және бұл мақсатта буклеттер дайындалатынын алға тартты. Буклеттерді тұрғындар арасында таратуға еріктілер тартылатын болады.
Жалпы, Шымкентте қоғамдық көліктердегі төлем жүйесі электрондық форматқа өтетіні туралы мәселе осымен бірінші рет айтылып жатқан жоқ. Қателеспесек, осыдан бес жыл бұрын, яғни 2015 жылы кореялық «Korea Smart Card» компаниясымен түзілген меморандум негізінде Шымкентте электронды билет жүйесі жолға қойылатыны туралы айтылған. Бұл туралы жаңалықтар БАҚ беттерінде сол кезде қала тұтқасын ұстаған Ғабидолла Әбдірахымовтың аталған компанияның өкілімен тиісті құжатқа қол қойып, қол алысып тұрған суретімен жарияланған еді. Және жергілікті атқамінерлер жобаның орындалатын уақыты сол жылдың өне бойында іске асады деп сендірген. Бірақ мұның барлығы жәй әншейін сөз күйінде қалды.
Өткен жылдың басында сол кездегі қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылы атқарған жұмыстар бойынша қала тұрғындарына арналған есеп беру жиынында да алдағы жаздан бастап қоғамдық көліктерге электрондық билет жүйесі енгізіледі деп нық сеніммен мәлімдеген болатын. Ол кісінің сол кезде айтқан алдағы жазы 2019 жылдың маусым, шілде, тамыз айлары екені бәріне аян. Бірақ Ғабидолла Әбдірахымов жаз мезгіліне дейін әкімдік орынтақта отырмады. Есепті жиыннан соң, сәл уақыттан кейін қызметінен кетті. Ол кеткенмен оның көшінде болған шенеуніктер өз орнында қалғаны белгілі. Бірақ олар Әбдірахымов әкім кезінде айтқан сол жобаларды орындауға талпынбағанын, талаптанбағанын уақытың өзі көрсетіп отыр.
Енді Әйтеновтың кезінде айтылған әйдік жобаның іске асар күні 1-маусым екенін Мақсұт Исахов нық сеніммен мәлімдеп отыр. Ол күннің де ауылы алыс емес. Тіпті қыр астында тұр. Ендеше күтейік. Ол күнге жететін күн туарына сенейік.