АҚПАРАТТАН ХАБАРДАР БОЛУ АРТЫҚ ЕТПЕЙДІ

Қазақстанда ел тұрғындарын коронавирус туралы жедел әрі сенімді мәліметтермен дер кезінде ақпараттандыру мақсатында ресми сайт іске қосылды. Өз кезегінде бұл сайт негізсіз таратылған ақпараттардың салдарынан қоғам арасында дүрлігудің алдын алуға жол бермейді. Яғни, азаматтарды COVID-19 вирусы бойынша соңғы әрі нақты мәліметтермен қамтамасыз етеді.

 

Өз кезезінде еліміздің Ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев https://www.coronavirus2020.kz/ ресми сайтында төтенше жағдай бойынша карантин кезіндегі тәртіп ережелері, мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары мен желіде тараған жалған ақпаратты теріске шығару және басқа да өзекті ақпараттар жарияланатынын мәлімдеген.

Бұдан бөлек, сайтта аурудың алдын алу жолы, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасалатын әрекеттердің ережелері секілді пайдалы ақпараттардан құралған инфографикалар жинақталған.

Тұрғындарды коронавирус бойынша барлық қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету бағытында Түркістан облысында арнайы Ситуациялық орталық құрылды. Онда облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, алдын алу және ұйымдастыру шаралары жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, атқарылып жатқан шаралар мен жалпы ахуал туралы тұрғындарға тиісті ақпараттардың тез жетуін жолға қою мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында https://turkestancovid19-agritech.hub.arcgis.com/ ақпараттық парақшасы ашылған.

Парақшада коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша пайдалы ақпараттар мен өңірде инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан мәліметтер беріледі.