ЖАҢА СМАРТФОННЫҢ САУДАСЫ ҚЫЗБАЙ ТҰР

Samsung S10 желісінің жаңа буыны Samsung S20 сатылымы ойдағыдай болмады. Жаңа флагмандық Samsung S20 моделінің таныстырылымы ағымдағы жылдың 11-ақпанында Сан-Франциско қаласында өткен болатын.

Бірақ жаңа смартфонға деген сұраныс өткен жылғы Samsung S10 моделімен салыстырғанда екі есеге төмен. Айталық, сатылымның бірінші аптасында Оңтүстік Кореяда жаңа флагмандық Samsung S20 смартфонының 70 мың 400 данасы ғана саудаланған. Ал өткен жылы саудағы шығарылған алғашқы аптада Samsung S10 моделінің 140 мың данасы сатылған.
Смартфон сатылымының бұлайша төмен көрсеткіште болуының себебін сарапшылар бірнеше жағдаймен байланыстырады. Ол смартфон бағасының тым қымбат болуы мен жедел қарқынмен әлемнің 60 еліне таралып үлгерген жұқпалы коронавирус індеті.
Жаңа флагмандық Samsung S20 смартфоны Қазақстанда алдағы аптадан бастап сатылымға шығады.