«БАРСЕЛОНА» БӘРІНЕН ОЗЫП ТҰР
Испанияның «Барселонасы» әлемде табысы ең көп клуб ретінде анықталды.
2018-2019 жылдары каталондық клубтың кірісі 840,8 миллион еуроны құраған. Сөйтіп аталған клуб рейтингте көш бастаған. Deloitte аудиторлы-консалтингтік компаниясы жариялаған тізімде көш бастаған «Барселонаның» тапқан табысы рекордтық сома деп саналған 800 миллион еуродан да асқан.
Ең табысты клуб рейтингісінде 757,3 миллион еуромен «Реал» Мадрид екінші орынға шыққан. Үштікті 711,5 миллион еуромен Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы түйіндеген.
Deloitte аудиторлы-консалтингтік компаниясы әзірлеген ең табысты клубтардың Топ-20 тізімінде 660,1 млн. еуромен Германия елінің «Бавариясы» төртінші орынға тұрақтаған. Бесінші орынға Франция елінің ПСЖ клубы шыққан. Оның кірісі 635,9 млн. еуро көлемді құраған. Рейтингте 20-орында Италияның «Рома» клубы тұр. Оның кірісі 231 млн. еуро деп көрсетілген.
Топ-20 тізімге енген Еуропаның ең мықты лигаларындағы клубтардың жалпы табысы 9,3 миллиард еуроға жеткен.