СҮТ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАП БАРАДЫ

Қазақстанда сүт пен қаймақ өнімдерінің өндірісі артқан. Былтыр елімізде 11 айдың есебі бойынша аталған өнімдердің көлемі 509,3 мың тонна болған. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 476,3 мың тоннаны құраған.

Бірақ өнім көлемі артқанмен, сүт бағасы 6,8 %-ға қымбаттаған.
2019 жылдың желтоқсан айының қорытынды бойынша, Қазақстан қалаларында шикі сүт орта есеппен 222 теңге болса, 2018 жылы бұл өнім дүкен сөрелерінде 211 теңгеден саудаланған. Ал пастерленген сүт былтыр 251 теңгемен босатылса, 2018 жылы адамдар бұл өнімге 228 теңге төлеген.
Бұл мәліметті Еnergyprom.kz таратты. Отандық БАҚ өткен жылы елімізде өндірілген сүт пен қаймақтың 30 пайызы Солтүстік Қазақстан облысында өндірілгенін алға тартады. Өндірілген барлық өнімдердің төрттен үш бөлігі Алматы, Ақмола және Қостанай облысында дайындалған.