904 ЖАС ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Тарих қойнауына еніп бара жатқан доңыз жылы «Жастар жылы» ретінде де қорытындыланғаны белгілі. Келешек тұтқасын ұстайтын ұрпақтар үшін осы жылы не тындырылды?
Бұл ретте ойға келетін ең баянды істердің бірі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы бір мың пәтерден берілетіндігі.
Осы аптада Шымкентт қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Елбасының тапсырмасымен жалдамалы пәтерге ие болған Шымкент жастарына пәтер кілттерін табыстады. «Жастар жылы» аясында жүзеге асқан бұл бастама бойынша Шымкенттегі 904 жас баспанамен қамтамасыз етілді.
Бұдан бөлек, қоныс тойын тойлағандардың қатарында көп балалы аналарда болды. Жаңа жыл қарсаңы кезінде мегаполистегі 450 көп балалы анаға тұрғын үйдің кілті табысталды. Өз кезегінде қала әкімі Ерлан Қуанышұлы қуаныш иелерін құттықтап, құтты мекендеріне бақыт пен береке орнай беруіне тілектестік білдірді.
Осы жылы Шымкент қаласында бюджет есебінен 27 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Онда барлығы 1554 пәтер бар. Тұрғын үйлердің 11-і несиелік болса, 16-сы арендалық болып табылады