ҚОЛЫҢНАН КЕЛСЕ, ҚАЙЫРЫМ КӨРСЕТ

3-желтоқсан – Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың
халықаралық күні.

Осыған орай «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 25 мүмкіндігі шектеулі азаматқа бір айлық азық түлік себеті табыс етілді.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов «Бұл қайырымдылық акция арқылы біз мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзі мен отбасының әлеуметтік жағынан қорғалуына күллі қоғамның назарын аударуды мақсат етіп отырмыз. Соңғы кездері Шымкентті қайырымды қалаға айналдыру мақсатында түрлі шаралар қолға алынуда. Бүгінгі шара соның тағы бір жарқын мысалы. Қолдан келсе көмек қолын созу әрбіріміздің азаматтық міндетіміз. Мүмкіндігі шектеуі азаматтарға қолдау таныту бағытында қолға алынатын шаралар осымен шектелмейді. Алдағы уақытта талай жобаларды қолға алу жоспарлануда»,- деді.
Аталған шара «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық қорының арасында түзілген үш жақты меморандум аясында жүзеге асқанын айта кетейік.

С. НҰРАЙ.